Информатика кафедрасы бойынша 2020-2021 оқу жылының Ұлттық біріңғай тестілеу кешендегі тапсырушы түлектер арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргені туралы ЕСЕБІ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша Орал қаланың «Форум» сауда үйінің 4 этажы ҰБТ тапсыратын орталығына айналды. Орталық барлық қауіпсіздік техникалармен жабдықталған. Тексеріп отыратын кабинетте бар. Індетке байланысты барлық сақтық шаралары сақталған. Жалпы көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт берілуі қажет.

Информатика кафедрасының төмендегідей мамандықтар туралы ақпарат ұсындым:

6В01506 Информатика (6В015 жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау) мамандығы бойынша бейіндік пәндер: математика + физика, 6B01514  Информатика ағылшын тілінде (6В015 жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау) бейіндік пәндер: математика + физика, 6В06102 Ақпараттық жүйелер (6В06  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) білім беру бағдарламасының мақсаты- ақпаратты өңдеудің тиімділігі жоғары әдістерге және жоғары білімді мамандардың сапасына деген заманауи талаптарға жауап беретін практикалық дағдылар мен көсбасшылық қасиеттерге ие, алған білімдерін ақпараттық жүйе саласында қолдана алатын білікті ІТ-мамандарын дайындау бағытында бейіндік пәндер: математика + физика, 6В06101 Информатика және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері (6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мамандығы бойынша бейіндік пәндер: математика + физика, 6В06103  Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мамандығы бойынша бітірушінің кәсіби қызметінің саласы: атап айтсақ машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі техникалармен басқару салалары, бейіндік пәндер: математика + физика таңдай алатынын жеткізілді.

Кезекшілік кезінде әр түрлі пәндік бағытта тапсырып шығып жатырған түлектермен сөйлестім. Көбісі соңғы тапсыратын ҰБТ қорытындысы бойынша ЖОО таңдайтынын жеткізді. Қаланың 14 облысынан келген түлектерге тек сәттілік тіледік.

Информатика кафедрасының

оқытушы, магистрі                                                               Насырова Б.С.