Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіби-бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде Батыс Қазақстан облысының Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» және «Қаратөбе ауданының білім бөлімінің Шөптікөл орта мектеп-балабақшасында» кәсіби-бағдар беру онлайн форматта жүргізілді. Шараға 11-сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп мұғалімдері қатысты.
Алдымен шараны ұйымдастырушы п.ғ.к., доцент А.Б. Медешова сөз алып оқушыларға 90 жылға жуық кәсіби білім беретін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің тарихына тоқталып, қазіргі университеттегі білім беру бағыттары мен мамандықтар туралы баяндады. Қосарланған мамандық бойынша оқу жағдайы жөнінде жақсы мағлұмат берді.
Жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби-бағдар беру бөлімінің жетекшісі, бірнеше жылғы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Аманбаев шараға қатысып отырған оқушыларға мамандық таңдаудың жауапты іс екенін түсіндіріп, алдағы сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.
Информатика кафедрасының оқытушысы, Ақпараттық жүйелер мамандығының магистрі Б.С. Насыровада болашақ талапкерлерге мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдап, ҰБТ-да ақжол тілеп, болашақта білікті маман иесі болуға тілек білдірді.
Жалпы онлайн форматта өткізілген шарада А.С.Аманбаев биылғы ҰБТ өзгерістерін оқушыларға егжей-тегжей түсіндіріп берді.Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Оның ішінде ҰБТ қандай форматта өтетіні, таңдау пәнінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылықтан 5 сұраққа қысқартылатыны, ол 5 сұрақ таңдау пәндеріне қосылатыныайқын айтылды.
ҰБТ өту мерзімі бойынша сауалдарға тыңдаушыға түсінікті түрде жауап берілді. ҰБТ-дің тағы өзгерістерінің қатарына 2021 жылдың қаңтар айында ескі форматта ең соңғы бағытта тапсыратынын, 2021 жылдың 1 наурыздан 31 мамыр аралығында әрбір бітіруші түлек 3 рет ҰБТ тапсыруға толықтай мүмкіндігі бар екенін айтып өтті (бірінші тапсыру тегін, екінші, үшінші тапсыру ақылы түрде жүзеге асырылады).
Жаңа форматта тапсыратын оқытушы (бітіруші түлек) алдымен порталға тіркеліп идентификациялаудан өтуі қажет болатыны да жақсы түсіндірілді. Онлайн форматты ҰБТ тапсырудағы тағы бір жақсы жағы талапкер компьютермен немесе ноутбукпен тапсырған кезде калькулятор, Д.И. Менделеев кестесін қолдануға толық еркі бар. Нәтижесінде үш рет тапсырған сертификаттың біреуін таңдауға талапкердің өз құқығы бар. Сертификат электронды нұсқада берілетіні де тілге тиек етілді.
Оқушылар физика-математика, химия-биология, география-математика пәндерін таңдап отыр. Оқушылардың басым көншілігі таңдау пәнін анықтағанымен, мамандық таңдауда әлі нақты шешім қабылдамағандарын ашық білдірді. Оқу орны ретінде біздің университетті таңдауға ата-аналардың көпшілігі оң көзқараста екені анық байқалды.
Шара соңында, оқушылар, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері кездесу барысында қажетті ақпарат алғандығын айтып, университет өкілдеріне алғыс білдірді. Сұхбаттасу түрінде оздырылған онлайн шара сәтті өтті.