Оқу жылының басында кафедраның 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша жылдық жоспары құрылып, жоғары оқу орнына дейінгі орталықпен келісіліп бекітілді.
Сонымен қатар, қала мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу үшін оқытушылар тағайындалып, тізімі жоғары оқу орнына дейінгі орталығына тапсырылды.
Информатика кафедрасы бойынша 2019-2020 оқу жылына бекітілген мектеп бойынша кәсіби-бағдар жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, информатика кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Г. Мухамбетова 2019 - жылдың 9- қараша күні информатика кафедрасының кәсіби - бағдар жұмысын жүргізу жоспары бойынша қаламыздың №1 ЖОББМ -нің түлектеріне және 7-қараша күні аға оқытушы,магистр Т.М.Манаппова мен оқытушы, магистр Б.М.Капышева №43 ЖОББМ –нің түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу шарасын өткізді.
Шара барысында оқушыларға облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтың бірі болып табылатын 87 жыл тарихы бар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жайында, оның жетістіктері мен жаңалықтары, мамандықтар жайында ақпараттар берілді. Әсіресе, физика- математика факультеті және информатика кафедрасының мамандықтарына толық тоқталып, мазмұнды мәліметтер берілді. Оқушыларға БҚМУ жайында шығарылған буклеттер таратылып, оқу орны туралы жарнамалық парақ мектеп түлектеріне арналған стендке ілінді.
Кездесу шарасы барысында оқушылар университетттің академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің алыс және жақын шет елдерде білім алуы, қос диплом алу мүмкіндігі жайында сұрақтар қойылып, қызығушылықтарын танытты. 21.11.2019 ж. күні Информатика кафедрасының оқытушылары А.Т.Бекчурина мен М.М.Имангалиев №46 мектеп түлектерімен кездесіп, білім ордасы туралы ақпарат беріп, оқыту хаттамаларын толтыртып, оқушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, университетке оқуға шақырды, бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар ҰБТ бойынша жаңа форматтың кейбір сәттеріне тоқталды.
Кездесуде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әлемнің үздік университеттерімен әріптестігі, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польшаның Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир, Ресейдің Элиста қаласындағы Қалмақ және Германиядағы Отто фон Герике атындағы университеттерде оқу мүмкіндігі, жоғары білікті әрі тәжірибелі оқытушылар дәрісі, заманауи оқу және ғылыми инфрақұрылымның жұмыс жасауы, оқуға дайындау орталығы атқаратын қызметтер, студенттерге деген мүмкіндіктер мен міндеттер, ҰБТ –тегі жаңа өзгерістер ақпарат берілді.
Мектеп түлектері мен мұғалімдер кәсіби бағдар жұмысы аясында біраз сұрақтарға жауап алып, өз алғыстарын білдірді.
Кездесуге қатысқан мектеп ұжымының мүшелері мұндай кәсіби бағдар шарасының түлектерге мамандық таңдауда өте қажет екенін және оқушылардың пайдалы ақпарат алғанын айтып, түлектер және олардың ата- анасымен бірге өтетін көктем мезгілінде жоспарланған кездесу шарасына қатысуымызды сұрады.