Теолог маманмен кездесу өтті

Жоғары оқу орындары және орта арнаулы оқу орындарының 1-курс студенттері арасында діни экстримизм терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жасаған жоспары бойынша 5-қазан университет ішінде студенттерге арналған теолог мамандармен кездесу өтті. Батыс Қазақстан облысының діни орталығының маманымен кездесуге физика-математика факультетінің студенттері белсене қатысты. Өткілген кездесуде студенттер діннің бағыттарымен танысып, басқа ағымдағы діндерден аулақ жүруге кеңес алды. Студенттерге жалпы әлемде болып жатырған террорлық әрекеттер туралы, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігін, олардың қоғамға тигізер зияны туралы сөз қозғады. Шара сонында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.