I курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші

1 қараша күні «БҚУ Спорт сарайында» күні кеше оқу ордамыздың табалдырығын аттаған бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Қиялдарын қанаттарына байлап, асқақ арман жетелеген жас ұландар өмір жолындағы қызықты да, бақытты кез студенттік шақтың басталғанын енді сезінгендей болды. Мерекелік кешке Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Даришева Т.М., факультет деканы Абулкасова Д.Б., құрметті қонақтар, университеттің профессор-оқытушылық құрамы жəне бірінші курс студенттері қатысты. Шара шымылдығын ашқан проректор  студенттерге өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді. Кеш барысында танымал таланттар ортаға шығып, факультет белсенділері мен «Мəдениет жəне өнер» факультетінің студенттері өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.