Ең белсенді оқырман Физика-математика факультетінде

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 7 желтоқсан күні Университеттің кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жыл оқырманы-2021» марапаттау рәсімі өтті. Факультетіміздің тұрақты оқырмандары марапатталған шарада осы жылы кітапханаға 120 рет келіп, кітап оқығаны анықталған студентіміз Физика-информатика мамандығының 3 курс студенті Елтаев Арынғазы «Ең белсенді оқырман» номинациясына ие болды. Арынғазы кітапхананың тұрақты оқырманы. Әр түрлі шараларда үнемі қатысып, поэзия оқып, оқырмандарды кітап оқуға шақырып жүреді.

«Мен Физика-математика факультетінің физика-информатика мамандығының ІІІ курс студентімін. Көбісі физика-математика факультетінде сөзге шорқақ, тіл байлығы нашар студенттер оқиды деп ойлайды. Бірақ біздің де факультетте тіл байлығы жақсы, сөз саптауы керемет жандар көп. Тіпті дебат ойындарында озық болып жүрген студенттеріміз жетерлік. Жалпы, өз басым шығыс мəдениеті, өркениеті туралы кітаптарды оқығанды ұнатамын. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 100 кітап акциясының арқасында əлемнің ең мықты кітаптары қазақ тіліне аударылды. Міне соның арқасында «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» сынды пайдалы кітаптар қолымызға тиді» дейді Арынғазы.