The dance awards

Жастардың бимен шұғылданып, факультеттер арасында би жанрын қалыптастыру мақсатында 26 қараша күні мəдениет жəне өнер факультетінің ұйымдастыруымен факультеттер арасында «The dance awards » атты би байқауы өтті. Байқау мақсаты, студенттер арасында таланттыларды анықтап, университет студенттерінің арасындағы достық қарым қатынасты қалыптастыру, тəжірибе алмасу. Хореография жəне мəдени-тынығу жұмысы кафедрасының оқытушысы, магистр Қалжанова Арайлым Болатқызы, Хореография мамандығының 4 курс студенті Меңдіғали Камила, «Гефест» би студиясының хореографы, «DanceFit» би студиясының жаттықтырушысы Киреева Гульнара Темірланқызы – жарысқа қатысушы бишілерге төрелік етті. Байқауда топтар топтық заманауи би жəне импровизациялық заманауи би кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Екі бағыт бойынша өнер көрсеткен топтар арасында жеңімпаз топты анықтау қазылар алқасына қиынға соқты. Кілең мықтылар жиналған би жарысында Физика жəне математика факультетінің И-11 тобынан Қайырбекова Наргиза, Жайлыханқызы Аружан, Темурова Дильназ, ИС-11 тобынан Сағат Фатима, Амангелдиев Жангелді, ФИ-11 тобынан Жоламанова Лиза, МФ-21 тобынан Тасеменова Аягөз өнер көрсеткен Dazzlers би тобы 3 орын иеленді және топқа жетекшілік еткені үшін мəдениет жəне өнер факультетінің Жалмағанбетова Агис ХГ-21 топ студентіне алғыс хат табысталды.