Робототехника – болашақтың бағдары

2022 жылдың 10-ақпанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақсатан университетіннің физика-математика факультетінде «ЖОО-да және мектепте математиканы, физиканы және информатиканы оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы әдістемелік апталық аясында «Робототехника негіздері» атты шеберлік класы оздырылды. Шеберлік класқа факультет ұжымынан басқа «125 High school» мектебі, №27 мектеп-лицейі және «Оқушылар сарайы» МКҚК оқушылары қатынасты.   

Шеберлік кластың мақсаты – білім алушылардың робототехника бағыты бойынша бағдарламалау  мен алгоритмдік және логикалық ойлау қабілетін, техникалық қиялын дамыту, университет пен мектеп арасындағы байланысты  жалғастыру болып табылады. Шеберлік класта бастап сөз алған информатика кафедрасының оқытушысы Е.С.Кубегенов қазіргі заманғы робототехниканың дамуы, университетте осы салада жүргізіліп отырған жұмыстарға тоқталып өтті. Информатика кафедрасы жанынан жұмыс жасап отырған «Робототехника» үйірмесінің қатысушы, математика-информатика білім беру бағдарламасының  2-курс студенті Тойлыбаев Сәкен робототехника кабинетіндегі конструкторлар түрлері мен 3D принтер құрылғылары туралы мәлімет берді.

Сонан соң информатика кафедрасның аға оқытушысы, магистр Д.Н.Курмашева оқушыларға Lego Mindstroms EV3 конструкорының негізгі блокторы мен датчиктерін таныстырып, Lego Mindstroms EV3 жинағымен жұмыс жасау технологияларын айқындап, бағдарлама құруды үйретті. Кейін оқушылар өз беттерімен осы конструктор көмегімен робот құрастырып, бағдараламасын жазып үйренді. Lego Mindstroms Education EV3 бағдарламасында роботты квадрат траекториямен қозғалту, түстерді танып қана қоймай  ол туралы дыбыс шығару командаларын құрды. 

Шеберлік класс жұмысын факультет деканы Д.Б.Абулкасова қорытындылап, оқушыларға оқуларына табыс тілеп, алдағы уақытта осындай іс-шараларға қатынасып білімдерін шыңдай берулеріне тілек білдірді.