06-сәуір күні физика-математика факультетінің «ЖОО мен мектепте физика, математика және информатиканы оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» атты әдістемелік апталығы аясында «Multimedia technologies» тақырыбында ағылшын тілінде ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа М.Өтемісов атындағы БҚУ әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялар бөлімінің қызметкері Абишева Ш.Б., кафедра меңгерушісі Хамзина Акмарал Абилкаировна және информатика кафедрасының оқытушылары қатысты.
Мультимедия – мәтіннің, кескіндердің, дыбыстың, бейненің, графиканың, анимацияның және ақпараттың кез келген түрін көрсетуге, өңдеуге, сақтауға, беруге, өндіруге және цифрлық түрде ұсынуға болатын кез келген басқа ортаның компьютерлік әдістер. Сабаққа филиология факультетінің 2 курс ИЯ-21 топ студенттері қатынасты, оқытушысы Насырова Б.С. Power Point программасында өз жұмысын демонстрациялап тақырыпты түсіндіріп өтті, сонан соң, студенттер «Бауырсақ» ертегісін кейіпкерлер суретін қолданып өз компьютерлерінде практикалық жұмыс жасады. Тақырыпты тереңірек түсіну бағытында қосымша Google платформасының сервистік қызметінің бірі Google формада тест орындады, тест нәтижесін студент өз аккаунттарында көре алды. Сабақ соңында оқытушы берілген практикалық жұмысты тексеріп бағалады.