«Жүректен маржан іздеген» атты Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті

Информатика кафедрасында ИР-11, И-11 топтары мен топ кураторы Г.А.Дошеваның ұйымдастыруымен «Жүректен маржан іздеген» атты Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты:студенттердің  бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру.

Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы студент бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Шара барысында студенттер Шерхан Мұртазаның қайталанбас дара өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндады.Сонымен қатар, Ш.Мұртазаның қанатты сөздері айтылып, бейнебаяны көрсетілді.

Шерхан Мұртазаға арналған арнау жолдары студенттердің орындауында тыңдалды. Өткізілген шарада Ш.Мұртазаның жүріп өткен өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлкен үлгі, дара жол болып қала беретін, еліне адал еңбек етіп, ұлтының қам-қарекетін ойлап өмірден өткен Шерхан Мұртазаның ғибратты ғұмырын насихаттайтын тәрбие сағаты өтті.