ШЫҒЫСТЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШЫҒЫСТЫҢ АРЕСТОТЕЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК ОНЛАЙН ДӘРІС
Бүгінгі онлайн-конференция арқылы өмірлік құнды мәліметтер алдық.Әл-Фарабидің 1150 жылдығы жөнінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің ұлағатты ұстаздары, жүйелі түрде студенттерге яғни бізге арнап баяндамалар оқыды. Сол дәуірдегі өркениеттің барлық жетістіктеріне, ғылым, білім, мәдениеттердің алға өрлеуіне Әл-Фарабидің қосқан еңбектеріне шолу жасады.
Онлайн дәрісте БҚО «Рухани жаңғыру» институтының директоры, п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымының акедемигі Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар философия ғылымының кандидаты Г.Б. Мулдашева «Метофизика» тақырыбында өз дәрісімен бөлісті. Дәріске Рухани жаңғыру институтының ғылыми қызметкері Т.Т.Шайхиев, магистр, оқытушы Екпінқызы Гулмира, «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарих ғылымының кандидаты, доцент Ә.С.Байболсынованың пайдалы дәрістерімен жалғасты.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 1-курс студенті Ізтелеуова Бақыт
Ақпараттық жүйелер мамандығыныңм1-курс студенті Казиева Айнур blob:https://web.whatsapp.com/b31aef12-41fe-4e94-87a2-c053995a409d