М.Өтемісов ат.БҚУ-да 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесіне орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Іс-шараның басты қонақтары «Батыс Қазақстан Облысы бойынша Ауғанстан Соғысының мүгедек-ардагерлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ауған соғысының ардагерлері Беркингали Габделов, Анатолий Боровский өмір жолдарымен, Ауғанстан жерінде естеліктерімен бөлісті.
Кездесу «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулуға бағытталды. Сондай-ақ студенттеріміздің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтудың маңызына назар аудару.
Студенттеріміз де кездесуге асқан қызығушылықпен атсалысты. Солардың бірі 2-курс студенті Фатима Амантай М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін жүрекпен орындаса, орыс тобының ИС-12 және ИР-11-1 топ студенттері гитараның сүйемелдеуімен Жеңіс туралы әндерді ерекше орындады. Сонымен қатар келген қонақтарымыз жастарға жылы лебіздерін жеткізді.
«Ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отыр. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!» - деп аяқтады кездесуге қатысқан факультет деканы Дина Абулкасова.
БББ оқытушысы, аға куратор Насырова Б.С.