Физика- математика факультетінің әдістемелік айлығы аясында 16.02. 2024ж. сағ. 10.00-10.50 –де Информатика БББ И-21, И-21-1 топ студенттеріне Python бағдарламалау тілі пәні бойынша «Логикалық өрнектер және шартты оператор» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушысы, магистр Рамазанова А.П. қатысты.
Сабақ мазмұны төмендегіше 3 тапсырмадан тұрды:
1.Жұптық жұмыс. Конвертке салынған қиындылардан бағдарлама құрастыру және есептің қойылысын тұжырымдау.
- Жұптық жұмыс. Экскурсия әдісі бойынша 1-10 аралығындағы сұрақтарға a-i мәндерін сәйкестікке қою тапсырмасын орындау. Есеп жауаптары аудитория бойынша әр жерге жапсырылып қойылады. Студенттер аудитроия ішінде экскурсия жасап, тапсырма жауабын табады. Соңында студенттер Whats App чатқа жіберілген Google Form сілтемесіне кіріп, тапсырма жауабын оқытушыға жібереді.
- Компьютерде жеке жұмыс. Студенттер компьютерде жеке жұмыс орындап, өздеріне берілген есептің Python бағдарламалау тілінде бағдарламасын құрып, оны орындатады.
Практикалық сабақ барысында студенттер белсенді, қызығушылықпен жұмыс жасады. Сабақ соңында студенттермен бірге сабақты бағалау критерийі жасалып, студенттер бағаланды.Сабақ соңында ашық сабаққа қатысқан Рамазанова А.П. сабақтың өз мақсатына жеткенін, сабақта жұптық жұмыс пен жеке жұмыстың сәтті ұштастырылғанын, сабақта бірнеше белсенді әдістер және сонымен қатар, АКТ құралдары мен қосымшасы ұтымды қолданылғанын, студенттердің белсене жұмыс жасағанын айтып, ризашылығын білдірді.
Мухамбетова Ғ.Г.
16.02.2024ж