Шеберлік сағат: "Білім берудегі цифрлық трендтер: виртуалды және толықтырылған шындықты, жасанды интеллект пен нейрондық желілерді пайдалану"

Физика-математика факультетінің әдістемелік айы аясында 6 ақпанда Л.Е. Рамазанованың "Білім берудегі цифрлық трендтер: виртуалды және толықтырылған шындықты, жасанды интеллект пен нейрондық желілерді пайдалану" шеберік сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылар виртуалды және толықтырылған шындықтың қызықты әлеміне және иммерсивті технологияларды пайдалану оқыту процесін қалай өзгерте алатынына, оны интерактивті және көрнекі түрде түсіне білді. Іс-шараға қатысушылар MetaQuest 2 көзілдірігі арқылы виртуалды шындыққа тереңірек үңілді, бұл барлық қатысушыларға виртуалды оқытудың ерекшелектері мен әлеуетін сезінуге мүмкіндік берді. Білім беруде жасанды интеллект пен нейрондық желілер технологиясын оқытуды жетілдіру, бейімделген бағалау жүйелері және инновациялық білім беру платформаларын дамыту контекстінде де талқыланды. Мастер-класс барысында Leonardo.ai, play.HT және D-ID сияқты нейрондық желілерге шолу жасалды, қатысушылар осы жүйелердің жұмыс істеу түсінігіне тереңірек үңіліп, оларды оқу үдерісінде пайдалануды талқылады. . Сонымен қатар, студенттердің білімін бағалау процесін едәуір жеңілдететін және кері байланыс тиімділігін арттыратын ZipGrade тесттерін құруға және тексеруге арналған мобильді қосымша ұсынылды. Мастер-класс қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, соңғы цифрлық технологиялар бойынша білімдерін арттыруға және студенттерді заманауи әлемнің кедергілеріне бейімдеу  үшін олардың білім берудегі қолданылуын қарастыруға өз әсерін тигізді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға қызықты және пайдалы іс-шара үшін алғыс айтамыз!

 Рамазанова Л. Е.