«Зерттеу әдістемесі» атты семинар

Ғылыми мақала дайындауда сандық және сапалық тәсілдерді пайдалану, деректерді жинау және талдау қазіргі заманның талабы.

2024 жылғы 9 ақпанда физика-математика факультетінің "Математика, физика және информатиканы оқытудағы ЖОО мен мектеп өзара әрекеттістігі" әдістемелік айлықтың аясында «Зерттеу әдістемесі» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.  

Семинардың мақсаты: жас мамандар мен студенттерді ғылыми мақаланы дайындауда зерттеудің, ақпарат көздерімен танысудың, теориялық немесе практикалық жұмыстың үлесін анықтаудың, зерттеуді жоспарлаудың, бақылау және эксперемент жасаудың әдісімен  таныстыру.

Семинар барысында Информатика мұғалімдері мен IT-мамандарын даярлау БББ аға оқытушысы Ж.Ж.Багисов шолу немесе тұжырымдамалық мақалаларды әзірлеу әдістерін көрсетті.