COURSERA: сертификаттар табыс етілді

Халықаралық дәрежеде статусы бар «COURSERA» курсы еліміздің білім ордаларындағы студенттерге білім алуға үлкен мүмкіндік берді. Соның ішінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің  студенттері бұл курстан қапы қалмады. Атап айтсақ, 6В06102 Ақпараттық жүйелер және 6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  білім беру бағдарламаларының студенттері өз біліктіліктерін арттыру мақсатында таңдаған курстарына тіркеліп, әр апта бойынша берілген тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, нәтижесінде сертификаттарға ие болды.  Барша сертификат иелерін құттықтаймыз.