7-сәуір күні физика-математика факультетінің «ЖОО мен мектепте физика, математика және информатиканы оқыту теориясымен практикасының өзекті мәселелері» атты әдістемелік апталық аясында «Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту» - атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге физика-математика факультетінің деканы Д.Б.Абулкасова, әдістемелік жұмыс және білім беру технология бөлімнң аға сарапшысы Ш.Б.Абишева, информатика факультетінің оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел мақсаты магистранттар мен студенттерге ғылыми мақалалар жазуда жас ғалымдардың ғылыми әлеуеттігін дамыту, жаңа деңгейге котеру және жетілдіру.
Ғылыми зерттеуге толықтығын беруге арналған, мақала авторының зерттеудің негізгі нәтижелерін, олардың нақты тәжірибеде қолданылуын, осы мәселені зерттеудің алдыңғы логикасымен интеграциялануын және ұсынылған саладағы зерттеудің одан әрі бағыттарын нақты және бейтарап түрде баса алатындығын көрсетіп мақала жазудағы принциптерімен таныстырылды.
Ғылыми мақалалар мен ғылыми жобаларды дайындауда А.Б.Медешова тұжырымдамалық мақала мен эмпирикалық мақалалардың ерекшеліктерін және жазылу құрылымымен бөлісіп, магистранттар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.
«Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту» атты дөңгелек үстел қойылған мақсатына жетіп магистранттар мен студенттер ризашылықтарын білдіріп тарасты.