Тәрбие сағатымыздың мақсаты студенттерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам діні туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған және өзге діндердің ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету.
Шараға физика-математика факультетінің, 6В01506«Информатика», 6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» білім беру бағдарламалары бойынша 3-курс студенттері қатысып отыр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жоғалтып жаздаған ана тіліміз бен салт-дәстүріміз, дініміз қайта жаңғырды. Жүздеген, мыңдаған мешіттер ашылды, жастар да дінге бет бұра бастады. Мұның бәрі тәуелсіздігіміз арқылы келген жақсылықтар мен игіліктер екендігі анық. Еліміз көп ұлтты және көп дінді мемлекет болғандықтан, түрлі конфессиялардың қатар өмір сүруіне құқықтық та, ұйымдастырушылық та жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, халықтың дінге деген қызығушылықтары пайда болған сайын түрлі жаңа діни ағымдар пайда бола бастады. Жаңа діни ағымдарға негізінен діни сауаты, білімі жоқ адамдар мүше бола бастады. Алғашында оған онша мән бере қоймасақ, кейін келе сектанттардың қолына түсіп, ақыл-естен, еріктен айырылған адамдардың отбасын, ұлтын, ата-дәстүрін, дінін ұмытып, күмәнді жолға түскендерін көріп, ести бастадық. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы.Діни ұғым бойынша Алла бір, ол біреу және бәрі соның қолында. Ислам дін – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады. Ислам дініқалайорындалады?
- Иманды жақсы көру.
- Күнде бес уақты намазды оқып тұру.
- Рамазан айында ораза ұстау.
- Дүние малына зекет беру.
- Шамасы келсе қажыға бару.
Құран дегеніміз не? Құран - мұсылмандардың қасиетті кітабы. «Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан, құран кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида, әрі түгел ғылыми құрылым. Құран Алла әмірімен Мұхаммед пайғамбарға аят-аятымен, сүре-сүресімен 40 жасынан бастап 23 жыл бойы түскен. Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде негізінен ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсіген. Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды.
Информатика кафедрасы