"Қасиетті Қазақстан" атты ашық кураторлық сағаты өтті

17 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика-математика факультеті, информатика кафедрасының 2 курс И-21, И/у-23 топтары студенттері және топ кураторы Амантурлина Г.Қ. ұйымдастырылуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобасы: "Қасиетті Қазақстан" атты ашық кураторлық сағаты өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты: халқымыздың қадір тұтатын қалаларымыз және туған жерлеріміздің киелі де, көрнекті жерлерді ұлттық идеологиялық деңгейге көтеру. Студенттерді отансүйгіштікке, елін жерін құрметтеп, қадірлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Кураторлық сағатқа қатысқан қонағымыз, педагогика факультетінің ФКС-29 тобының студенті Хожахметов Мирастың "Көреғұлы" күйің орындаумен басталды.
"Дәдем ата-Жұмағазы Хазірет", "Түркі әлемінің киелі бесігі - Түркістан", "Ақсай қаласы ", "Маңғыстау-бабалардың ізі қалған Ақ ордам", "Шағатай ауылының тарихы", "Қаратөбе, Мұхит ауылы" тақырыптарына тоқталып, студенттеріміздің киелі туған жерлерімен таныстырған болатын.
Кураторлық сағатымыздың қонақтары информатика кафедрасының оқытушылары Мухамбетова Ғайнеш Ғумаровна, Насырова Бұлбұл Сагингалиевна, Дошева Гулжихан Абухановна, Химеденова Зухра Максимовна болды.
Кураторлық сағат мақсатына жетіп, студенттер қазақ елінің қасиетті жерлері мен туристтік жерлерін танып, олар туралы толық мәліметтерге қанық болды.