«БҚУ-90» ФОТОСУРЕТТЕР КӨРМЕСІ ОЗДЫРЫЛДЫ

       М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығына орайфизика-математика факультеті бойынша бекітілген тәрбиелік іс-шаралардың жоспарына сәйкес информатика кафедрасы «БҚУ-90» фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды. Фотосурет көрмесіне факультетіміздің студенттері жұмылдырылды. Көрменің шымылдығын кафедрамыздың доценті Медешова Айгүл Бақтығалиқызы ашты. Өз сөзінде университетіміздің тарихына тоқталып, математик Асан Тайманов туралы да сөз етті. Сонымен қатар Айгүл Бақтығалиқызы осы киелі білім ордасының түлегі болғанын мақтан етіп, мамандық таңдауда еш қателеспегенінайта келіп, осы фотосуреттер арқылыстуденттік шақтарынасаяхат жасағанын да жасырмады.

           Қара шаңырақтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл көрме студенттерге де ұнап, өздеріне ұнаған фотосуреттерге жүрекшелер қойды. Шараға информатика кафедрасыныңбірқатароқытушыларыЖ.С.Иксебаева, А.А.Хамзина, С.М.Акимова, Ж.С.БагисовБ.С.Насырова көрме жайлы өз ойларымен бөлісіп алдағы уақытта осындай шаралардың саны көбейсе деген ниет білдірді.

информатика кафедрасы