Наурыз және сәуір айында информатика кафедрасында бекітілген жоспар бойынша ғылыми- әдістемелік семинарлар өткізілді. Семинарда кафедра оқытушылары түрлі өзекті тақырыпты қозғап, ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі болып, наурыз айында кафедраның тәжірибелі аға оқытушысы М.М.Имангалиевтің өткізген “Компьютерлік ақауларды диагностикалау және анықтау “ тақырыбы бойынша шеберлік класы саналады. Ол алдымен семинар қатысушыларына компьютерлік ақауларды диагностикалау және анықтауды жүзеге асыратын заманауи утилиттер мен бағдарламалар және олардың қызметтері жайында айтып өтті.
Ол утилиттер және олардың қандай қызмет атқаратыны төменде көрсетілген:
- CrystalDiskInfo. Бұл утилита қатты дискінің айналу жылдамдығын, компьютерді қосу санын, компьютердің жалпы жұмыс уақытын, HDD температурасын, сондай-ақ дискінің техникалық жағдайы мен өнімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Егер батырма көк болса және ХОРОШО деп жазылған болса, онда қатты дискінің күйі туралы алаңдамауға болады, ал егер қызыл батырма мен ТРЕВОГА жазуы болса, HDD диагностика және жөндеу үшін шұғыл шаралар қабылдау керек, әйтпесе өкінішті салдары болуы мүмкін, мысалы, барлық деректерді жоғалту.
- EpicPen. Бұл утилита ноутбукта немесе компьютерде интерактивті тақтаның жұмысын модельдеуге мүмкіндік береді. Оның қарындаш, өшіргіш, қалам, жазу, ақ және қара тақта фоны және т. б. сияқты көптеген құралдар бар.
- 2007.Office.PDF.XPS. Microsoft Office 2007 кеңсе бумасы үшін көмекші утилитасы. Қосымша «Сохранить в формате PDF» батырманы қосуға мүмкіндік береді. Интернетті немесе көмекші түрлендіргіштерді пайдаланбай, , мәтіндік құжат немесе кестені PDF форматқа тез аударуға болады.
- AMS.Screen.Camera. Бұл бағдарлама компьютер экранын жазуға және өңдеуге арналған. Ол сабақтарды немесе презентацияларды одан әрі сақтау және өңдеу арқылы жазуға мүмкіндік береді.
- Mem.Reduct. Компьютердің жедел жадын артық қоқыстардан тазартуға арналған қызметтік бағдарлама.
- PETST.Компьютер бөлшектерін диагностика жасайтын бағдарлама.
Сонан соң, кафедра мүшелері осы айтылған утилиттер мен бағдарламалардың әрқайсысымен өз ноутбуктерінде практикалық жұмыстар орындады. Семинар барысында кафедра оқытушылары компьютерлік ақауларды диагностикалау және анықтау бойынша заманауи бағдарламалармен практикалық жұмыс жасап, тәжірибе жинақтады.
Сәуір айында «Плагиатты болдырмау әдістері» тақырыбында ғылыми- әдістемелік семинардың кезекті отырысы болды. Оны кафедраның аға оқытушы, магистр Иксебаева Ж.С. және аға оқытушы, іскерлікті басқару докторы Багисов Ж.Ж. өткізді. Семинар мақсаты болып компьютермен жұмыс жасауда плагиатты болдырмау әдістері бойынша тәжірибемен бөлісу саналды. Алдымен сөз алған Багисов Ж.Ж. компьютермен жұмыс жасаудағы плагиат түрлері және оны болдырмау әдістері жайында кіріспе сөз сөйледі.
Сонан соң, Иксебаева Ж.С. семинарға қатысушыларға Canva қосымшасында жасалған компьютермен жұмыс жасауда плагиатты болдырмау әдістері жайында презентация демонстрациялап, келесі әдістерге тоқталып өтті:
- Синонимдер әдісі
- Онлайн аудармашы әдісі
- Шетел прессасы
- Түсінгенін айту
- Шингл қадамы
- Фразаны қайта жасау
- Мәтінді қайта жазу (рерайт)
- Антиплагиат киллер
- Онлайн қайта жазу (рерайтинг)
- Киллер- антиплагиат программасы
Семинарды жүргізуші осы әдістің әрқайсысына жеке тоқталып, олардың қалай жүзеге асатынын түсіндірді.
Сонан соң, кафедра оқытушылары, магистрлер Пугачева И.Н., Курмашева Д.Н. ғылыми жұмыстар мен магистрлік диссертацияны антиплагиаттан өткізу кезіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар жоғарыда айтылған әдістерден басқа да плагиатты болдырмау туралы ой бөлісіп, алынған мәліметтерді студенттерге курстық жұмыс және дипломдық жоба жасауда ескеруі қажеттігі жөнінде шешім қабылдады.
Кафедраның ҒӘС-ның жетекшісі: Ғ.Г. Мухамбетова
https://fim.wku.edu.kz/en/novosti/18-department-of-computer-science/366-informatika-kafedrasynda-tkizilgen-ylymi-distemelik-seminarlar#sigFreeId978c3e24cb