ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ТІРЕГІМ

02.12.2021ж күні тарихымызда алтын әріппен жазылған тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай физика-математика факультеті информатика кафедрасының аға оқытушысы Д.Н.Курмашеваның ұйымдастырумен И-31, И-32 және И/Англ-3 топ студенттеріне “Тәуелсіз елім-тірегім” атты кураторлық сағат  оздырылды. Кураторлық сағат интеллектуалдық сайыс форматында ұйымдастырылды.

Кураторлық сағат  Д.Н.Курмашеваның «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Содан кейін интеллектуалдық ойынның тізгінін  И-31 топ студенттері Уан Өркен мен Есмаганбетов Биржан алды. Интеллектуалдық ойын "Кім көп біледі", "Салтанатты сәулет", "Әуезді әуен" сияқты кезеңдерден тұрды.   Топ студенттері “Тәуелсіздік" және "Бәйтерек"  атты екі топқа бөлінді. Студенттер тәуелсіз еліміздің тарихынан құралған сұрақтарға белсенді жауап беріп өз ойларымен бөлісті. Сайыс жеңімпаздары анықталды.

Кураторлық сағат соңында ұлттық рухты көтеру мақсатында бейнебаян көрсетілді. Топ кураторы Д.Н. Курмашева сайыс жеңімпаздарын құттықтап студенттердің қысқы сессиясына сәттілік тіледі.

 

                                                         И-31 топ студенті   Кәрім Ералхан