«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»

Қазан айының алғашқы аптасы ұлағатты «Ұстаздар күні» . Ол бəрімізге де белгілі. Осы ұстаздар мерекесіне орай «физика-математика » факультетінде ұстаздарымызға арналған шағын концерттік бағдарламасы  5- қазан күні  «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты физика – математика факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен тамаша кешіміз өткен болатын.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек. 

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын – деген өлең жолдарымен кешімізді бастадық.

Мерекелік кешіміздің қонақтары-физика- математика факультетінің  профессор оқытушылар құрамы, біздің сүйікті ұстаздарымыз!

Ұстаздарымызды қазан айында аталып өтетін «Мұғалімдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр студенттің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл  — ұстазға арналған теңдессіз теңеулер. Біздің бұндай теңеулеріміз ұстаздарымызға аздық етеді, себебі олар бұдан да жақсы мəртебиелерге ие!

 Менің ойымша, кез-келген жан ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Осы сөзіңнің дәлелді бола түсуі  үшін мына жыр шумақтарын қосайын:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің университетімізде сөзі маржан, үні ән білікті де білімді ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

 Кешімізде Түгелбай Нұрзада орындауымен «Ұстазым» əні шырқалды. Фортепианода 3-курс студенті Нұртілек əдемі əуен орындады. Сонымен қатар бишілеріміз « Современный би» биледі. Кенішбекова Дильнара  орындауындаз  « Ерке сылқым» күйі шертілді. Поэзиялар оқытып, ұстаздарымызбен қызықты ойындар ойнадық. Фуршет əзірленді. Айбол мен Аружанның орындауында «Ұстаздар» əні шырқалып, ұстаздарымызға гүл шоқтары табысталды.

Кешімізді түйіндеу үшін және ұстаздарымызға арналған факультетіміздің студенттерінің тілегін жеткізу үшін сөз Физика – математика факультетінің студенттік деканы Тойлыбаев Сакенге берілді.

           Физика-Математика факультетінің белсенді ,ИС-21 тобы студенті: Утепбергенова Гүлжауар Манарбекқызы