1 курс информатика мамандығы студенттерінің Я выбираю жизнь! атты конференцияға қатысуы

Я выбираю жизнь!

Мен, Мыңбай Дана Ақанқызы,‟ Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”мамандығының 1-курс студенті.Бүгінгі ұйымдастырылған‟Я выбираю жизнь”атты

конференцияға қатысқан болатынмын.Конференция болашақ жастарды өмірді сүюге, оның әрбір сәтін қадірлеу керектігі жөнінде өткізілген болатын.

Ең алдымен, №42 ‟Ақ ниет” мектеп-гимназиясының психологі Гүлшарбат Ерболқызы, балаларды әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі жөнінде айтып өткен болатын. Оның ішінде жеке ақпаратты иесінің рұқсатынсыз жариялау, тікелей қорқытулар, сонымен қатар

пайдаланушының әлеуметтік желідегі аккаунтына рұқсатсыз кіру деген секілді

кибербуллингтің түрлерімен таныстырған болатын. Сонымен қоса одан сақтанудыңда жолын көрсетті.

Одан кейін, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің психологі Баян Конаровна, депрессиядан арылу жолдарын және адамның мінез-құлқы жөнінде көп ақпарат берді.

Арнайы өткізілген тест нәтижесінен әрбір адам өзінің мінез-құлқы жөнінде біле алды.

Сонымен қатар, Гульмира Аскаровна мен Асхат Рамазановта өздерінің ойларымен, көптеген жақсы мәліметтерімен бөлісті.

Сөзімді қорытындылай келе, болашақ жастардың өмірге деген көзқарасын, ой-санасын дұрыс жаққа өзгерту мақсатында осындай конференциялар көптеп ұйымдастырылса екен

деймін. Әрбір адамның өмірі өз қолында. Сол үшін қолымыздан келгенше жақсы өмір сүруге тырысайық. Осы конференцияның өтуіне себепші болған университет, колледж ұстаздарына және менің кураторым Бұлбұл Сағынғалиевнағада үлкен алғысымды білдіремін!