Мектеп түлектерін кәсіптік бағдарлау мақсатында Информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау БББ оқытушылары Имангалиев М.М., Ерманова М.Қ. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, ШЖҚКМК А.Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектебі және Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББМ мектептерін аралап, бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында талапкерлерге жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалған мүмкіндіктер, академиялық ұтқырлық, ғылыми жобалар мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, оқытушылар мектеп түлектерінің арасынан Алтын белгі иегерлеріне университет атынан арнайы шақыру хаттарын табыстап, болашақта сапалы білім алып, білікті маман атануға шақырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестер алды.
Мұндай кездесулер талапкерлердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт беріп, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.




