“Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім”

5 желтоқсан күні Физика-математика факультетінің, Информатика мұғалімдері мен IT-мамандарын даярлау БББ-ның ИС-21, ВТиПО-21 топтары мен топ жетекшісі Г.А.Дошеваның ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім” атты кураторлық сағаты өткізілді.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған кураторлық сағаттың мақсаты - студенттерге қазақ елінің тәлуелсіздігі, бабаларымыздың аңсауымен ұрпақтың қолы жеткен Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, оған қалай жеткенін баяндау, көрсету. Студенттерді өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу. 

Шара барысында студенттер мен оқытушыларға Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы және Тәуелсіздік алған жылдан бастап, жеткен жетістіктерімізді бейнеролик түрінде таныстырған болатын. Бейнеролик бойынша студенттер мен оқытушыларға шағын викторина өткізілді. Студенттеріміз Желтоқсан оқиғасында қыршынынан қиылған апа-ағаларымызға арнап монолог оқылды. Сонымен қатар, түрлі аспапта "Ақжирен" күйін ойнап, қасиетті домбырамызбен "Желтоқсан желі" әні айтылып, шырқалды.

Кураторлық сағатты  п.ғ.к., доцент А.Б.Медешова  студенттерге  ризашылығын білдіріп, оқуларына сәттілік тілеп, оларға сеніммен, мақтанышпен қарайтын әдемі өлең шумақтарын оқып, қорытындылады.