Физика кафедрасының аға оқытушысы Б.С. Имангалиева апталықтың екінші күні 6В01505 Физика-информатика БББ-ның 1 курс студенттерімен «Механика» пәнінен зертханалық сабағын ашық сабақ ретінде ұйымдастырды. Топ стденттерімен «Сұйық және газ ортаның қозғалысы» тақырыбына арналған «Сұйықтың тұтқырлық коэффицентін Стокс әдісімен анықтау» деп аталатын зертханалық жұмыс жасады. Сабақ студенттерді сыни тұрғысынан ойлауға бағытталған. Сабақтың бірінші кезеңінде тақырыпқа ассоциация жасалынды, яғни зерттелінетін жұмысқа қажетті заңдылықтарға, зерттеу идеясына, қажеттілігіне және т.б. Екінші кезеңінде студенттер зертханалық жұмыстарын жасады. Сабақтың үшінші кезеңінде алынған нәтижелерге өңдеулер және талдаулар жасалынды. Жұмыстың нәтижесін бағалау СОӨЖ кезінде ұйымдастырылатыны ескеріліп, қосымша жұмыстарды СӨЖ берді. Студенттер зертханалық жұмыстарды қызыға орындады және зерттеу жұмыстарының қажеттілігін, теориялық білімдерін нақтылауға көп септігі бар екендігі, жауапкершіліктері байқалды. Сұрақтар көптеп қойылғандығы байқалды.