«Астрономия – аспан денелері туралы ғылым»

Дуалды  оқыту  жүйесі  дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра  оқыту  технологиясы.  Дуалды оқыту жүйесінің  негізгі мақсаты:  техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

«ЖОО мен мектепте физика, математика және информатиканы оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» атты әдістемелік апталық аясында физика кафедрасының 3 курс студенттеріне  06.04.2023ж сағат 15.30-17.00-де «Астрономия» пәнінен ашық сабақ оздырылды. Ашық сабақтың  тақырыбы: білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі барысында «Астрономия – аспан денелері туралы ғылым» Есенгалиева А.Н. аға оқытушы, Искалиева А.У. аға оқытушы, магистр, Елемесова Б.А. қосымша білім педагогының бірлескен жұмысымен облыстық балалардың техникалық шығармашылық орталығында өткізілді. Білім  алушы сабақты, дәрісті  тыңдағанда  дәрістің – 10% есінде қалады. Көргенде - 40% мәліметті сақтайды да артынша қайталап айтса 70% есінде қалады. Егерде көргенін не естігенін өзі жасаса мәліметтің 90%-ын қабылдайды.  Сабақ процесінде дәріске қысқаша шолу жасалды. Сабақтың келесі этаптары практикалық бөліммен жалғасты. Студенттер практикалық бөлімде 5 бағыт бойынша жұмыс жасалды. Студенттер практикалық бөлімде топтық жұмыстарды өте жақсы орындады. Күн жүйесін обсерваторияға барып телескоппен зерттеді. Сабақ соңында планетарияда ғаламшарлар туралы кино көрсетілді. Сабақ өте әсерлі өтті.