2024 жылдың 19 наурыз күні физика-математика факультетінің МФ-11,МФ-13 топтарының қатысуымен көрнекті театр және кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Тұңғиық ұлы тұлға» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді.Бұл ашық кураторлық сағатта Шәкен Аймановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпараттар кең өріс алды.
Шәкен Айманов қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнады. Қазақ халқы осынау ардақты ұлымен мәңгі мақтана береді. Қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан классиктің бірі. Шәкен Айманов есімі бәрінен бұрын қазақ киносы тарихында тұңғыш рет ұлттық киноны түсірген адам ретінде және оны барынша биікке көтерген талант ретінде ел жадында мәңгілік сақталған.