«1-ші курс студенттерінің ЖОО-да математиканы игеруге дайындығы»

Университетімізде мектеп математикасы мен ЖОО-да математикалық пәндердің сабақтастығын дамыту мақсатында математика кафедрасының ұйымдастырумен мектеп ұстаздары және магистранттарға «1-ші курс студенттерінің ЖОО-да  математиканы игеруге дайындығы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде университет оқытушылары, 2-курс магистранттары, мектеп-лицей мұғалімдері бас қосты.

Зарует Алмазовна бірінші курска жүргізілген сауалнама мен таныстырып, студенттердің ойларымен бөлісті. Вальдорф бағытындағы мектеп- гимназиясының педагог эксперті Нургазинова Маншук Кенесовна   “Оқытудағы саралау тәсілдері”, Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының педагог мастері Тулешева Айнура Сарсекеновна  “Қалыптастырушы бағалау – сапалы білім негізі”, Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей – интернатының математика пәнінің мұғалімі, педагог зерттеушісі Мынжасова Налия Сулейменовна  “Математика сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер”, М.Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты Надырханова Ардақ Тұяққызы “Математика сабағынан оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәсілдері”, М.Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты Мадиева Гулхан Динжановна “Бірінші курс студенттерінің білім негізі - мектепте” деген тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті, ортаға мәселелер тасталынып талқыланды.

Дөңгелек үстел өз мақсатына жетті деп толық айта аламын.