Ұлы Казимир атындағы Польша университеті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, физика-математика факультетінің Информатика кафедрасының "Ақпараттық жүйелер" мамандығының студенттері Мақсот Айәділ мен Шестаев Михаил 2019-2020 оқу жылының қысқы семестріне Ұлы Казимир атындағы Быдгощ қаласындағы Польша университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуда болды. Аталған студенттер, оқу орнымызғы алғыстарын айтып, өз ойларын білдірді.

Осы мүмкіндікке байланысты ағылшын деңгейімізді одан әрі дамытып, шетелдік студенттермен ағылшын тілінде сөйлесе отырып, үлкен тәжірибе жинақтадық. Соған қоса, мамандығымыз саласындағы білімімізді терендеттік. Осыған орай, осы мамандықтын басқа салаларын меңгеру біз үшін біраз жеңіл болмады.

Польшаға саяхат өміріміздегі ең алғашқы шет елдік сапарымыз еді. Мұнда барлығы да таңқаларлықтай болды, архитектуралық құрылыстарынан бастап, жергілікті тұрғындарының қарапайым күнделікті өмір саласына дейін біздің қызығушылықтарымызды тудыртты. Польшаның дәстүрлі тағамдарының орыс ұлтының тағамына біршама ұқсастығы болғанымен, біраз айырмашылықтары да кездеседі, соған қоса тілдері де жалпы түрде бір-біріне ұқсас болғанымен, орыс тілін білгеннің өзі поляк тілін түсінуге қиыншылықтарды тудыртады.

Біз университеттің жатақханасына орналастық. 800 орындық жатақханада барлық жағдай жасалған. Онда жаңа құрылған спорт кешені бар, ол бассейннен, тренажер залынан және футбол, баскетбол, волейбол сияқты спортпен айналысуға арналған спорт алаңдарынан тұрады. Жатақхана мен оқу корпусының арасын 15-20 минуттық жер.

Сонымен қатар, бізге студенттік карта берілді, бұл карта арқылы супермаркет және сауда үйлерінде әр түрлі жеңілдіктерге ие бола алдық. Азық-түлік және басқа да өнімдердің бағалары басқа Европа елдеріне қарағанда салыстырмалы түрде арзандау болды. Шет елден келген студенттерге сан түрлі шаралар ұйымдастырылды: қаланың ішіндегі экскурсиялар, Торуньға сапар, Эрасмус студенттерімен танысу шаралары және т.б.

Польшада оқу сапасы жоғары, өмір сүру жағынан қымбат емес, ескі архитектуралық құрылыстар көздің жауын алады.

Бізге шетелге барып білім алуға мүмкіндік бергені үшін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне зор алғысымызды айтамыз.