29.11.2022ж. күні сағат 1230-да Орал қаласының №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясында физика-математика факультеті, математика кафедрасыныңаға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айтенова Гулсезим Муратовна басшылығымен математика кафедрасының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығына орай «Математика алғыры» интелллектуалдық сайысы өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды университетіміздің оқу бағдарламаларымен таныстыру, университетіміздің 90 жылдық тарихына шолу жасау, оқушылардыңматематика пәнінің қызықты есептері арқылы логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Студенттер интеллектуалдық сайыс ашылу барысында университетіміздің тарихына қысқаша шолу ретінде видиоролик көрсетіп, факультетіміздің оқу бағдармаларын слайд арқылы түсіндірді. «Математика алғыры»интеллектуалдық сайысының тақырыбына байланысты мектеп оқушыларына 4 кезеңнен құрастырылған қызықты логикалық сұрақтар қойылып, 3 топқа бөлу арқылы түрлі тапсырмалар, есептер берілді. Бұл сайыс 10 сынып оқушылары арасында өткізілді және де оларға университетіміздің оқу бағдарламалары, және оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар туралы мәлімет беретін қағаз таратылды. Оқушылар сайысқа қызыға, белсене қатысып, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, соңында топтар дипломмен марапатталды. Барлық қатысқан оқушыларға ынталандыру ретінде оқу құралдары сыйға берілді. Сайыс өте жоғарыдеңгейде әрі тартысты өтті. Осы интеллектуалдық сайысқа математика пәні мұғалімдері Утешова А.М мен Хаймулдин Т.Ж қонақ болып келген болып, өздерінің алғыстарын білдірген болатын.