11.10.2022ж. күні сағат 1200-де Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында физика-математика факультеті, математика кафедрасының аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айтенова Гулсезим Муратовна басшылығымен математика кафедрасының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығына орай «Кәсіпкер-математик» интелллектуалдық сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды университетіміздің оқу бағдарламаларымен таныстыру, университетіміздің 90 жылдық тарихына шолу жасау, оқушылардың математика пәнінің қызықты есептері арқылы логикалық дамуын қалыптастыру.
Студенттер интеллектуалдық сайыс ашылу барысында университетіміздің тарихына қысқаша шолу ретінде видиоролик көрсетіп, факультетіміздің оқу бағдармаларын слайд арқылы түсіндірді. «Кәсіпкер-математик» интеллектуалдық сайысының тақырыбына байланысты мектеп оқушыларына қызықты логикалық сұрақтар қойылып, 2 топқа бөлу арқылы түрлі тапсырмалар берілді. Бұл сайыс 11 сынып оқушылары арасында өткізілді және де оларға университетіміздің оқу бағдарламалары туралы мәлімет беретін қағаз таратылды. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, дипломмен марапатталды. Жеңген топтарға оқу құралдары сыйға берілді. Сайыс соңында университет студенті Жұмағұлов Бекзат «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық ән шырқады. Сайыс өте жоғары деңгейде әрі қызықты өтті. Осы интеллектуалдық сайысқа мектеп директоры Кадыров Е.Е. мен математика пәні мұғалімі қонақ ретінде келген болатын.