«Мультимедиалық технологиялар» - атты ашық сабақ

13.11.2024 ж күні «Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика,физика және математика саласындағы  мамандарды даярлаудағы замануи тәсілдер» атты физика-математика факультетінің әдістемелік айлығы аясында информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының оқытушысы З.М.Химеденова «Мультимедиалық технологиялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы ең алдымен топ студенттеріне зейінді шоғырландыруға бағытталған тренинг ұйымдастырып, «Әріптестер әдісі» бойынша студенттерге қағаздарды үйлестіру арқылы  жауаптар алып тақырыпты бір саралап алды. Содан кейін оқытушы тарапынан тапсырманың орындалу барысы түсіндіріліп, студенттерге практикалық жұмысты орындауға арналған нұсқаулық берілді. Студенттер компьютерде суреттерді кірістіру арқылы көрініске анимация қойып жан бітірді. Практикалық жұмысты орындауда студенттер шеберлік танытып, нәтижеге қол жеткізді. Сабақтың тақырыбы «Тоғыз бриллиант әдісімен» бекітіліп, студенттер padlet тақтасында qr кодты сканерлеу арқылы кері байланыс берді. Студенттер бағаланып, сабақ өз мақсатына жетті. Ашық сабаққа қатысқан факультет деканы Д.Б.Абулкасова, аға оқытушы Г.Г.Мухамбетова және білім беру технологиялары бөлімінің әдіскері Л.Д.Ермекбаева оң бағаларын берді.